2.08.2020, 12:30
Оқылды: 968

Орал қаласында көпір пайдалануға берілді

Бүгін  Орал қаласының Нефтебаза ауданындағы көпір пайдалануға берілді. Құрбан айт мейрамында бұл қалалықтар үшін үлкен тарту болды.

8d4c7ddd-cc25-43a1-8330-20af00533d22

- Омега көпірін қайта құру жұмысы бір жарым жыл бұрын басталды. Жоба бойынша құрылыс  жұмысына  әлі жарты жылдай уақыт бар. Бірақ мердігер компания екі аусымда жұсыс істеп, белгіленген мерзімнен бұрын тапсырды. Бұл көпірдің маңызы зор. Себебі  бұл аумақтағы Деркөл, Селекционный, Омега шағынаудандарында 100-120 мыңға жуық тұрғын бар. Олар  осынша уақыт  жол қатынасының  қолайсыздығын көрді.  Орталыққа жету үшін бір сағат, жиырма минут кететін.  Енді ол үшін  жиырма минут та жеткілікті. Мердігерлер үш жылдық кепілдік беріп,  көпір 50 жылдай қызмет етеді дейді. Жалпы  1978 жылы салынған  аталмыш көпір содан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Қайта құру жұмысының  жоба құны 5 млрд 200 млн теңге. Бұл қаражатты ҚПО компаниясы бөлді. Жалпы бұл жоба  тек мердігер үшін емес, барлық өнім өндірушіге де жақсы кіріс көзі, пайдалы болды. Өйткені мұнда қазақстандық  өнім қолданылды, - деді көпірдің ашылуына  қатысқан  облыс  әкімі Ғали Есқалиев. Облыс басшысы құрылысшыларға алғысын айтып,  тұрғындарды  көпірдің ашылуымен құттықтады.

7abebe13-1ed1-435f-8e6d-affbb1574f8e

Мердігер компания  «Ка Строй LTD» ЖШС бас директорының орынбасары  Төлеген Қарағойшиннің сөзінше, құрылысқа  85 пайыз қазақстандық өнім қолданылған. Металдар  Қарағынды, Ақтөбеден  әкелінсе,  шамдар еліміздің өзге қалаларынан жеткізілген. Ал асфальт, бетон - оралдық өнім.

- Жоба бойынша құрылыс мерзімі үш жыл еді. Бір жарым жылда салынып бітті. Көпірдің бұрынғы ені 16  метр еді, қазір жаяу жүргінші жолымен 21 метр, ал ұзындығы  996 метр болды. Жұмыстың түріне байланысты 130-170 адам жұмыс істеді. Жаңа технология қолданылып,  24 және 33 метрлік арқалық  (балка) салынды, - дейді мердігер.

6121fab1-6cc0-4d70-b9e9-8e12f78b9142

Ясипа Рабаева,

сурет: Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале