27.08.2020, 17:18
Оқылды: 50

Бөкей ордада ұлттық рәміздерге композиция жасалып, тутұғыр орнатылды

Бөкей ордасы ауданында Ата Заң күніне орай орталық саябақта ту тұғыры мен ұлттық рәміздер композициясы ашылды. 

Constitutsia (1)

Нысан құрылысына 1 583 751 теңге жұмсалған. Тутұғыр биіктігі 18 метр. Мерекелік шара барысында аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов:

– Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заң мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан-жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Барша халықтың мерекесі, біздің елдігіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі  Ата Заңымыз мәңгілік болсын! – деп тілегін білдірді.

Constitutsia (3)

Өз кезегінде сөз алған еңбек ардагері Ноқаш Қадимов, аудандық сот приставы Қуандық Молдағалиевтер айтулы күннің маңызына тоқталып, туымыз тұғырлы, әр ісіміз ырысты болуын тіледі.

Constitutsia (4)

Аталмыш шарада кешен құрылысына, аудандағы тарихи нысандардың қайта қалпына келтіру, жаңғырту ісіне үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер, аудан азаматы Қайрат Насимоллинге аудан әкімінің алғысхаты мен сый-сыяпаты табысталды.

Мерекеге орай рух көтерер тамаша жыр оқылып, ән шырқалды.

Constitutsia (7)

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале