Бәйтерек ауданы жас туристер станциясы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы "Ашық аспан астындағы музей" атты экскурсиялық бағдарлау квест ойынын өткізді. Оған 14-16 және 17-29 жас арасындағы жасөспірімдер мен жастар қатысты.
Ойын шарты бойынша әр қатысушы топ мүшелері аудан орталығының әр жерінде орналасқан тарихи-мәдени обьектілерді маршрут сызбасы бойынша жүгіріп өтіп, әр нысан маңында жасырылған тест тапсырмаларын орындау керек болды.
Қорытындысында белгіленген маршрутты тез өтіп және сұрақтарға толық жауап берген 17-29 жас арасындағы топта Сәкен Тойлыбаев, Айдана Ғаббасова жұбы үшінші, Назерке Тастайбек, Ақнұр Қаратаева екінші орынды місе тұтса, Бақтияр Ибрагим мен Назерке Сыйлыбаева жеңімпаз атанды.
Ал 14-16 жастағы қатысушылар арасында Максим Андрощук, Роксана Казакова үшінші орыннан көрінсе, Ақжайық Елубаева мен Зарина Габдушева екінші, Еділбек Елубаев пен Карина Малаева жұбы бірінші орынды иеленді.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер