28.09.2026, 14:45
Оқылды: 7

Теректілік қолөнер шебері «Жайық толқынында» туындыларын ұсынды

Астана қаласында Батыс Қазақстан облысының өнерпаздары мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығын кеңінен таныстырған «Жайық толқыны» креативті көрмесі өз жұмысын қорытындылады. Көрме барысында өңірдің шығармашылық әлеуеті таныстырылып, өнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ көрме аясында түрлі мәдени-шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-09-28 at 11.06.40 (2)
Атаулы шараға Теректі ауданы Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Нағима Мұрадимова да қатысып, өз қолынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Өнерге жастайынан жақын Нагима Егінбайқызы жұмыстан тыс уақытта қолөнермен де айналысады. Қолөнерге ден қойғанына төрт жылға жуық уақыт болған. 2022 жылдан бері тойбастар бұйымдарын, құрақ көрпе, шағын құрақ және қойын жастықтарын, балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тігеді. Ал Астанада ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі «Жайық толқыны» креативті көрмесіне алғаш рет қатысып отыр.
– Осындай үлкен шараға қатысу қолөнер шеберлеріне тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, жаңа серпін береді, – дейді Нагима Егінбайқызы.
«Жайық толқыны» көрмесі өз мәресіне жетті. Іс-шараның қорытындысында креативті индустрия өкілдері белсенді шығармашылық еңбегі үшін Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма басшысы Ерлан Каналимов атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Алғыс хаттарды Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма басшысының орынбасары Қалима Айтбаева табыстады.
Көрмені қорытындылаған Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Медхат Қамбетов қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шығармашылық еңбектеріне толағай табыс тіледі.

 

Дамир Абайұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале