4.12.2020, 21:30
Оқылды: 38

Жер комиссиясынан бас тартып, цифрландыру жүйесіне көшу керек

Алдағы 3-4 жылда жер комиссиясынан толығымен бас тартып, жерді жалға беруге байланысты барлық мәселе цифрлық формат арқылы шешілуі керек. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өткізген семинарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жанындағы жер мәселелері жөніндегі мониторинг тобының негізгі сарапшысы Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

E01AF8B0-63FA-46DB-B464-B260DF81C17C

«Жер мәселелері жөніндегі мониторинг тобының сарапшысы болып жүргеніме көп жыл болды. Сараптамалық жұмыстар аясында Қазақстанның 14 облысында, Алматы облысының барлық ауданында тікелей жерге қатысты мәселелерге араласып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде көп нәрсеге көзіміз жетіп отыр. Партияның өз алдына қоятын бірінші мәселесі – ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлер. Ауыл шаруашылы мақсатында қолданылатын жерлер еліміздегі жер аумағының 23%-ын құрайды. Өкінішке қарай, мұндай мақсаттағы жерлерге қатысы мәселе көп. Осыған қатысты негізгі мәселенің бірі – жер комиссиясы. Ауыл шаруашылығындағы жер қатынастарына байланысты сыбайлас жемқорлық жағдайларының көбі жер комиссиясымен тікелей байланысты. Азамат арызды жергілікті атқарушы органына түсіруі керек. Жергілікті атқарушы орган арызды уәкілетті органға жіберуі керек. Уәкілетті орган жерді тиісті мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігін қалыптастырып, арызды жер комиссиясына жібереді. Жер комиисиясының құрамы кемінде 9 мүшеден тұруы тиіс. Кей ауданда 11 мүше болса, кей ауданда 33 мүшеге дейін болады. Заң бойынша, жер комиссиясы құрамының 50%-ы қоғам өкілдері болуы керек. Әкімдер жер комиссиясын құрған кезде осы заңдылықты сақтамайды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жанындағы жер мәселелері жөніндегі мониторинг тобының негізгі сарапшысы Бақытжан Базарбек.

Оның айтуынша, барлық облыс бойынша 113 жер комиссиясының құрамын тексеруге тура келген. «Аудандық дәрежедегі жер комиссиясының құрамын тексерген кезде анықталғаны: әкімдер жер комиссиясын құрған кезде қоғам өкілдері ретінде әкім орынбасары, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі басшыларының туған-туыстарын сияқты тікелей өзіне тәуелді адамдарды кіргізген. «Ауыл» партиясының» атынан сайлауға түсетіндерге үндеу: алдағы 3-4 жылда жер комиссиясынан толығымен бас тартып, жерді жалға беруге байланысты барлық мәселе цифрлық форматқа өтуі керек. Біріншіден, жер комиссиясы мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражатты қажет етеді. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін қалыптастырады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Жер ресурстарын басқару комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аясында жер комиссиясының мәртебесіне байланысты көп талқылау өткіздік. Осы талқылау барысында менде осындай ой қалыптасты», - дейді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале