Сырым ауданында 1-4 мамыр күндері волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар командалары арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

Жымпитыдағы әуедоп жарысы маңызды спорттық оқиға екен. Аталған доданың қорытындысымен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын Батыс Қазақстан облысының құрама командасына ойыншылар іріктелді.

А. Шайхиев атындағы спорт кешенінің алаңында 13 команда кездесті. Жарыстың ашылу салтанатына Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионат қорытындысы бойынша орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Олимпиада резервтерін дайындайтын спортқа дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп – интернат. ІІ орын – Бөрлі ауданының БЖСМ командасы. ІІІ орын – Сырым ауданының БЖСМ командасы.
Қ.Жеңісұлы,
Сырым ауданы