2.05.2026, 17:00
Оқылды: 6

Дариян ауылында Бірлік күніне арналған мерекелік концерт өтті

Дариян ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан – Қазақ елі» атты мерекелік концерт өтіп, содан соң түрлі этнос өкілдері «Бірлік ағашы» атты тал-терек егу акциясына қатысты.

image-01-05-26-11-34-11
Мерекелік кеште «Бірлік-береке, ынтымақ-ырыс» деп білген халқымыз қай заманда да татулықты ту еткені, республикамыздағы тұтастық, тұрақтылық, берекелі тірлік ел болып еңсе тіктеуіміздің ең алғы шарты екені айтылды. Бұл жетістікті бағалау, оын көздің қарашығындай сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір азаматтың міндеті.

image-01-05-26-11-34
Өз кезегінде сөз алған ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов те ауданды, соның ішінде Дариянды мекен еткен этнос өкілдері өңірдің қарқынды дамуы мен ішкі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз үлестерін қосып келе жатқанын айтты. Бұл бағытта Дариянда “Мариям” татар, “Сябры” беларус, “Сударушка” орыс, “Червона руто” украин халық шығармашылығы ұжымдары, “Ақшағала” әжелер ансамблі мен “Дружба” вокал тобы да тер төгіп келеді. Халық шығармашылық ұжымдарының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Соған орай оларға құрмет көрсетіліп, құттықтау хаттар табысталды.
Концерттік бағдарлама барысында өнерлерін ортаға салған осынау шығармашылық ұжымдар арқылы елімізде тату-тәтті тірлік кешіп жатқан түрлі ұлттың мәдениеті көрініс берді.

image-01-05-26-11-34-10
Мерекелік іс-шараның қорытындысы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Бірлік ағашы» атты тал-терек отырғызу бастамасына ұласты.

photo-output

Оған аудан әкімінің орынбасары Е. Ғалиев, халық шығармашылығы ұжымдар мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Балым Ниетова
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале