2.05.2026, 15:30
Оқылды: 4

Жымпитылықтар «Таза Қазақстан» акциясын қолдауда белсенді

Осы аптада мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, ерікті жастар ағаш егу жұмыстарына қатысты. Әріптестерін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастап шықты.

IMG_0539
50 түп Алашорда көшесі бойына, дәлірек айтқанда аудандық мешіттің жанына егілді.

Бұдан бөлек, табиғат жанашырлары Жымпиты - Орал, Жымпиты-Ақтөбе автожолдарының бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Б. Шерім
Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале