1.05.2026, 16:30
Оқылды: 2

Бірлік салтанат құрған күн

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымақ керуені» атты мерекелік концерт өтті.

IMG-20260430-WA0087
Әнұранымызбен шымылдығы түрілген шара аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың құттықтауымен жалғасты.
- Мамыр мерекесінің мән-маңызы бөлек. Бұл мерекеде еліміздің барлық тұрғындарының ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің жарқын көрінісі дәріптеледі.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Бүгінде бөкейліктердің бірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы – ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге. Бейбітшілік пен татулық, жұдырықтай жұмылған бірлік бізді бұдан да жарқын, баянды болашаққа бастайды. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға құт-береке, мол бақыт тілеймін!- деді аудан әкімі өз сөзінде.

IMG-20260430-WA0137
Бұл концерттің ерекшелігі сол, сахнада мәдениет үйінің қызметкерлері ғана емес, ақхалатты дәрігерлер мен бала оқытқан мұғалімдер бастап, кітапхана сияқты үлкенді-кішілі мекеме ұжымдары да түрлі ұлттың өнері мен мәдениетін паш етті.IMG-20260430-WA0120
Мекеме қызметкерлері түрлі тілде ән салып, би биледі.

IMG-20260430-WA0134
Татулық пен ынтымақты дәріптеген бұл концерттің көптің көңілінен шыққаны даусыз.

Анар Артықбай
Суретке түсірген автор

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале