1.05.2026, 15:30
Оқылды: 2

Казталовта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – баға жетпес байлық» атты мерекелік шара өтті.

image-01-05-26-03-14-2

Кешке жиналған жұртшылық ең алдымен ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесін тамашалады. Түрлі ою-өрнек, көздің жауын алар бұйымдар мен шеберлердің туындылары көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

image-01-05-26-03-14-4

Мерекелік кештің шымылдығы әсерлі музыкалық композициямен ашылды. Кең байтақ қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын бейнелейтін сахналық көрініс көрерменге ерекше әсер сыйлады.

image-01-05-26-03-14-3

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың маңызын атап өтті.

- Бірлік ел дамуының берік іргетасы. Бүгінде елімізде қалыптасқан қоғамдық келісім мен өзара сыйластық Тәуелсіздігіміздің ең басты жетістіктерінің бірі. Осы құндылықтарды сақтап, нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ауданымызда да ынтымақ пен ауызбіршілік салтанат құрып, әр салада жүйелі жұмыстар атқарылуда. Туған жердің көркеюі мен өркендеуі – тұрғындардың бірлігінің нақты көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел ішіндегі тұрақтылық пен келісім табысты дамудың кепілі. Біз осы бағыттан айнымай, бірлігімізді бекемдей беруіміз қажет, — деді аудан әкімінің орынбасары.

image-01-05-26-03-14-1

Сахна төрінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мың бұрала билерімен көрерменді тәнті етті.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале