28.12.2020, 22:18
Оқылды: 28

Батыс Қазақстан облысының қаламгерлері жылды қорытындылады

Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы қаламгерлерінің жылды қорытындылау және марапаттау іс-шарасы өтті.

 3

Барлық карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Егізбаев, Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары М.Құлкенов, БҚО мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

2

Айта кету керек, сақтық шараларына байланысты қорытындылау және марапаттау іс-шарасы екі бөлек залда, араға уақыт салып өткізілді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Жазушылар одағының БҚО филиалының директоры, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолла одақ филиалының биыл атқарған іс-шараларына қысқаша шолу жасап, қорытындылады.

4

Шарада Шолпан Қыдырниязова, Тихон Әліпқали, Ұлдай Сариева т.б. қаламгерлер Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтың алғыс хатымен және бірқатары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» мерейтойлық медалі Ғайсағали Сейтақ, Талғат Мықи, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, Жансая Мусина, Бауыржан Ширмединұлына табысталды.

5

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов белгілі ақын Б.Халиолла жетекшілік ететін Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының аз ғана уақыт ішінде атқарған жұмысына жоғары баға беріп, алдағы жұмыс-жоспарына сәттілік тіледі.

Жиында М.Құлкенов А.Нәріков, А.Бақтыгереева, А.Бектұрғанов, Д.Мұштанова, Ғ.Сейтақ, т.б. ақын-жазушылар Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің алғыс хатымен марапаттады.

6

Облысымыздан Ұлдай Сариева, Талап Таймасұлы, Қазбек Құттымұратұлы, Талғат Мықи, Айбол Исламғалиев сынды қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырханов бір топ ақын-жазушыларға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыс етті.

7

Сондай-ақ, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының Құрмет грамотасымен әдебиеттің жаңа буын өкілдері марапатталды.

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығымен, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалымен тығыз қарым-қатынас жасап, әрдайым қолдау көрсеткені үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаевтың, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысы Сайран Дүйсеновтің алғыс хаттары бірқатар қаламгерлерге табыс етілді.

12

Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалы жылды осылайша орасан зор табыстармен қорытындылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале