6.03.2021, 19:24
Оқылды: 127

«Атамекен» балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен кезекті шаңғы жорығы өтті

Халықаралық әйелдер күніне орай «Атамекен» БЖТЭО-ы кезекті шаңғы жорығын ұйымдастырды. Шаңғы тебу - қысқы туризмдегі кең тараған спорт түрі. Бұл спорт түрінің табиғатпен байланысы және адамға деген пайдасы ерекше. Ол адам бойындағы шыдамдылық, күш, шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылықты дамытады.

20210306_192111

Шаңғы тепкен кезде адамның барлық мүшелері жұмыс жасайды. Осы жолы ұйымдастырылған жорыққа «Атамекен» БЖТ және экология педагогтары және №49 ЖОББМ оқушылары қатысты. Жорық «Атамекен» БЖТ және ЭО – Байтерек ауданы, Октярьский ауылы аумағы - «Атамекен» БЖТ және ЭО маршруты бойынша өткізілді. Маршруттың ұзындығы 7 шақырымды құрады. Жорыққа шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктеме берілді.

Шаңғы жорықшылары Октябрьский ауылындағы кітапханаға аялдады. Кітапханашы Л.А. Могила ауылдың тарихын, өсімдіктерін, табиғатын, жануарларын айтып өтті. Жорық барысында оқушылар ауа-райын, желдің бағытын, бұлттылықты анықтай жүріп, Октярьск ауылының тарихын, өсімдігін, жануарларын зерттеп, қадағалады. Бұл жорықта оқушылар маңызды дүниелермен танысты. Жорықтың қорытындысында жорықшыларға сынақ кітапшасы табыс етілді.

Салимова Гульмира,

БЖТ және ЭО – ның қосымша білім беру педагогы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале