Айтыс! Кім не десе, о десін, көре алмаған біреулер сыртынан сөз айтсын, мейлі, бәрібір айтыстың бәсін ешкім түсіре алмайды! Қазақ қанша сағатқа созылса да, тапжылмай отырып тыңдауға бар осы айтысты. Жақында біз отырдық солай. Ару Оралдың ажарлы бөлігінде орналасқан Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында облыстық айтыс өтті. Кескілескен керемет айтыс жасады ақындар. Он төрт ақын, жеті жұп. Ақын деген халықтың жүрегінен өтеді бәрі. Жүрегінен өткізеді де, жырға орап, өзіне қайта ұсынады патша көңіл көрерменнің. Бәрі де бар оның ішінде. Қайсарлық та, жігер де, тапқырлық та... Бір сөзбен айтқанда, мінез бар.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 26 наурыз күнгі №24 санындағы айтыс ардагері, мәдениет және өнер саласының үздігі Дариға Мұштанованың «Кескілескен керемет айтыс» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz