15.04.2021, 15:20
Оқылды: 399

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізілді

 2021 жылдың 15 сәуірінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

F802655D-552F-47F1-BF2F-E7C5445EEA48

    Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Н.Ш Курумбаев қатысты.

    Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.     

5B260E2B-60F8-4FD6-AD65-7AFF76DF07EF  

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ішінара нәтиже беретіні. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.           Сонымен қатар бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

    Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале