Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында волейболдан спорттық турнир өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – кәсіподақ жастары арасындағы достық, әріптестік қарым-қатынасты нығайту; салауатты өмір салтын насихаттау; қызметкерлердің жұмыста жиі шаршау және күйзеліске түсуінің алдын алу.
Аталмыш шараның бас ұйымдастырушысы №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азамат Садыров өз сөзінде: «Еңбек ұжымындағы мамандардың көңіл-күйі жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Ал ұжымдағы жас қызметкерлер – бірлестіктегі белсенділікке себепші. Кәсіподақ жұмысының нәтижелі, тиімді, әрі барлық қатысушы тарап үшін қызықты болуы маңызды деп ойлаймын. Бұл үшін әлі де талай жұмыстар атқарылатын болады, - дейді.
Шара жеңімпаздары кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хат, дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
"БҚО Кәсіподақтар орталығы" АКБ