17.05.2021, 12:03
Оқылды: 20

Бәйтеректе спортшы отбасылар жарысты

Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай "Әкем, анам және мен – спорттық отбасымыз" атты «Көңілді сөре» жарысы өтті. Қызықты шараға 5 отбасы қатысты.

2E5CB265-6542-4F13-9F7E-78656C54BC10

Бірнеше кезеңде бақ сынаған спортшы отбасылар жарысының қорытындысында "Белсене қатысқаны үшін" номинациясымен Дюйсенбеевтер және Фризиндер отбасы марапатталса, ІІІ орынға - Қадырғалиевтер, ІІ орынға Бермагамбетов отбасы ие болды. Ал Шишацскийлер жанұясы жарыс жеңімпазы атанды. Көңілді жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне кубоктар, түрлі дәрежедегі дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

7F4986A0-DA5C-41F4-8D57-31412177DA0E

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале