Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борышын адал атқаруға салтанатты түрде ант қабылдады.
Іс-шара індетке байланысты барлық санитарлық норманы сақтай отырып, «оnlinе» режімінде өткізілді. Әскери ант қабылдау 5517 әскери бөлімнің іnstagram парақшасының тікелей эфирінен көрсетіліп, сарбаздардың ата-аналары рәсімді көруге толықтай мүмкіндік алды.
Іс-шарада сөз алған 5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ербол Антай сарбаздардың өздеріне жүктелген жауынгерлік тапсырманы абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді.
Әубәкір Ертуған,
Орал қаласы