26.08.2021, 9:37
Оқылды: 124

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел оздырылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданына қарасты Дариян және Озерный ауылдық кітапханашыларының ұйытқы болуымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел оздырылды.

1
Онлайн форматта өткен жиынды Дариян ауылдық кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева жүргізді.
Тәуелсіздік – бабалар аңсаған, бүгінгі ұрпақтың қолы жеткен киелі ұғым. 30 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес ел болды. 1986 жылғы желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендік алдық. Сонау қазақ хандығынан бастап егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан атадан тараған ұрпақтың парызы – Отанды қастерлеп өту. Бұл Тәуелсіздік бізге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келгенін сезіну керек екендігі жиын барысында сөз болды. Сонымен қатар Елбасының жасаған істері де кездесу барысында айтылды.
Одан соң Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов сөз алып, егемендіктің 30 жылында еңсерген белестеріміз туралы әңгімесімен бөлісті.
Сондай-ақ шара барысында «Арна» әйелдер қоғамдық кеңесінің мүшесі Рахиля Бабақожа, М.Шолохов атындағы мұражай меңгерушісі Антонина Пудова пікірлерін ортаға салып, шараның салмағын арттырды.
Басқосудың соңында Озерный ауылының кітапханашысы Мария Еременко жасақталған кітап көрмесін таныстырды.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале