5.10.2021, 16:40
Оқылды: 55

Мәртебелі мамандық иелеріне арналды

 Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық болмайды. Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында орта және жоғары оқу орындарында біліммен қаруланған жастарымыз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр.

Кәсіби мереке күні білім саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты ілім-ғылымға жетелеп қана қоймай, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген аудан ұстаздарына арналып, Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

44CACD85-6F93-4A36-8E13-CBAC7DA30020

Шара шымылдығы «Нұрай» би тобының «Ұстазым» биімен ашылды. Мерекелік жиынға келген қадірлі мамандық иелеріне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова өзінің ақжарма тілегін арнап, қандай кезде де өз мамандықтарына кір келтірмеген, тығырықтан шығар жол таба білетін ұстаздарға білімді ұрпақ, ізденіс, табыс тіледі.

Әлия Биғазықызы мерекелік басқосуда Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Г.Бисенғалиеваға «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалін және бір топ ұстздарға БҚО білім басқармасының Құрмет грамоталрын табыс етті. Сахнаға көтерілген ұстаздар, сонымен қатар, аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары мен алғысхаттарына да ие болды. Осы құттықтау сәтінде аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Есенов «Үздік ұстаз ата-анасы» аталымдарына ие болған ата-аналарға ризашылығын білдірді. «Тәуелсіздік ұстаздары», «Тәуелсіздік құрдастары» аталымдары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» және БҚО-ның осындай кәсіподағы атынан жолданған Құрмет грамоталары да өз иелерін тапты.

7D211D00-8097-43AB-BB56-5227526A6D69

Білім жолында көп жылдар еңбек етіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосқан ардагер-ұстаз Адақ Шотпановқа «Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы» атағының салтанатты түрде берілуі де ұстаздарға арналған құрметтің бір белгісіндей болғанында сөз жоқ.

Көтеріңкі көңіл күй орнаған кешті ұстаздар мен өнер саласы қызметкерелерінің әуелете салған әндері де көркемдей түсті.

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал – біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай білімі мықты, білігі жоғары ұстаздар ауданымыздың мақтанышына айнала берсін деген ақ тілек бұл күні шараға келген әр адамның жүрегінде тұрғаны анық еді.

                                                                           Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале