3.12.2021, 14:29
Оқылды: 42

Германия билігі COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етпек

Германия 2022 жылдың ақпанына қарай COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған тұрғындарға вакциналауды міндетті етеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

16

«Төртінші толқын тез арада тоқтатылуы керек», - деді ГФР канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні жаңа санитарлық шараларды хабарлау барысында. ГФР билігі жақын арада жұқтыру жағдайларын азайтуды көздеп отыр.

Жаңа ережерелерге сай, екпе салдырмаған тұрғындарға бөлшек сауда дүкендеріне кіруге тыйым салынады. Бұл қатарға дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттері кірмейді. Одан бөлек, вакцина алмаған адамның әлеуметтік ортасы едәуір шектеледі – отбасыдан тыс екі адамды ғана қабылдауға рұқсат етілген. Сонымен қатар оларға бар мен мейрамханаларға кіруге тыйым салынған.

Германия билігі Бундестагтың 2022 жылдың ақпанына қарай елде міндетті вакциналау мүмкіндігін енгізуді талқыға салатынын растады.

«Вакциналау туралы талап ақпанда күшіне енеді, оған дейін вакцина алмаған азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе салдыруға жеткілікті уақыты бар», деді А. Меркель.

- Біз вакциналауды міндетті ету қажет емес деп үміттендік. Алайда вакциналау – пандемияны жеңудің жалғыз жолы, сол себепті оны міндетті ету туралы шешім қабылдауымыз керек, - деп қосты ол.

Германияда коронавирус жұқтырғандар қатары соңғы апталарда тез өсіп келеді. Көршілес Нидерланды мен Бельгияда да жағдай осындай.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале