18.02.2022, 11:30
Оқылды: 49

Арнаулы салық режимінде салық есептілігін тапсыру және салық төлеу мерзімдері қандай

Бизнестің жекелеген субъектілерін қолдау мақсатында Салық кодексімен арнаулы салық режимдері қарастырылған, оларда салықтардың жекелеген түрлерін есептеудің және салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібі белгіленген. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері әрбір салық режимінде салық есептілігін тапсырудың және салық төлеудің мерзімдері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220218101350794e

Комитет өкілдерінің айтуынша, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін Салық кодексінде бір айдан бір жылға дейін патент құнының есеп-қисабын (911.00-нысан) ұсыну мүмкіндігі көзделген. Патент құнын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық төлеуші есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді. Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер салық есептілігін ұсынбайды.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер сомасы ай сайын арнайы мобильді қосымша арқылы есепті айдың 15-інен кешіктірілмей есептеледі және есепті айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (910.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына бірінші жартыжылдыққа 15 тамыздан кешіктірмей (25 тамыздан кешіктірмей төлейді), екінші жартыжылдыққа 15 ақпаннан кешіктірмей (25 ақпаннан кешіктірмей төлейді) табыс етеді. Бұл ретте, жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүргізетінін атап өту қажет. Бірыңғай жер салығын төлеушілер декларацияны (920.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.

Бірыңғай жер салығын, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша да мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) есепті кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалар-ағымдағы есепті кезеңнің 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде;

2) есепті кезеңнің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген сомалар – есепті кезеңнен кейінгі есепті кезеңнің 10 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде. 2022 жылдан бастап бірыңғай жер салығының сомасы жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түседі. Жалдамалы қызметкерлер үшін жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын жүргізу қажет.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (913.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді. Төлемді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте жалдамалы жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдер ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале