Бүгін аудандық «AMANAT» партиясының ғимаратында AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының актив отырысы өтті. Жиынға «Аманат» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Есляғалиева және аудандық саяси кеңес мүшелері, депутаттар, бастауыш партия ұйымы төрағалары қатысты.
Аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Едіге Текебаевтің төрағалық етуімен күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысын тағайындау туралы бір мәселе қаралды. «АMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысы М.Мұқаевтың бұйрығымен «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалған Т.Жанболатовты таныстырды.
- Осыған дейін қызмет атқарған ардагер ақсақалымыз Рухолла Аманғалиұлының зейнетке шығуына байланысты бізде үш ай бойы аталған лауазым вакансияда болды. «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Талғат Жанболатов кондидатурасын сұхбаттасудан өткізусіз екі ай сынақ мерзіміне тағайындауға келісім берілді, - деді «Аманат» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Бекболатұлы. Одан әрі құттықтау лебізін айтып, пікір алмасуға кезек беріп, партияның алдында тұрған міндеттерді орындауда бірлесе жұмыстануға шақырды.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz