Сәуірдің 26-ы күні «25 игі іс» шараларының шеңберінде Жаңақала аудан орталығындағы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы зират басында болып, бұндағы қауымға құран бағыштады.
Содан соң «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сауапты істен қашпайтын ұстаздар сенбілік өткізді. Онда құлаған қоршауларды түзеп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ
Жаңақала ауданы