1.06.2022, 11:30
Оқылды: 47

Қазақстанда дертіне шипа табылмаған балалар шетелде ем алады - министрлік

Елде емдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда балалар «Шетелде емделу» бағдарламасы аясында ем алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«Балаларға онкогематологиялық көмекті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы балаларға онкогематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жылына орташа есеппен 500-600 бала анықталады, 33 пайызы - 3-10 жас аралығындағы балалар. Соңғы бес жылдың ішінде 284 балаға гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау жүргізілді», - деді ол.

Оның дерегінше, соңғы жылдары балалардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 74,6 пайызға дейін өсті. 2025 жылға қарай 76 пайызға дейін ұлғайту күтілуде.

«Елде емдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда балалар «Шетелде емделу» бағдарламасы аясында ем алады», - деді Ажар Ғиният.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале