12.10.2022, 15:30
Оқылды: 35

"7-20-25" бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленуде

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз", - дейді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болатынын хабарлаған еді.

 Ведомствоның мәліметінше, бұл жолы бағдарламаға 2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады.
Nur.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале