3.06.2016, 21:30
Оқылды: 27

ҰБТ нәтижесі көңіл көншітпейді

Screenshot_2016-06-04-12-07-46-1Бүгін Жаңақала ауданында мектеп түлектерінің болашағын бағамдайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындыланды. ҰБТ-ге қатысқан аудан түлектері сынақ қорытындысы бойынша орташа 77,13 балл жинады.


Биыл аудан бойынша мектеп бітірген 246 түлектің 171-і ҰБТ-ға қатысқан. Ол мектеп бітіруші түлектердің 69,9 пайызын құрайды "Алтын белгіге" үміткер 13 түлектің 3-уі ғана үмітті ақтады. Олар -Пятимар ЖББОМ оқушылары Сағынов Әли, Өтегенов Ақжол және Жаңақала мектеп-гимназиясының түлегі Самиғоллина Айнара.

Ал үздік аттестатқа үміткер 2 түлек өз білімдерін қорғай алмады.
Аудандық білім беру бөлімі хабарлағандай, ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу әділ түрде өтті. ҰБТ-ге түлектер толықтай қатысып, ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале