20.10.2022, 18:58
Оқылды: 56

«Ұлт келбеті — жас маман»

Теректі аудандық білім беру бөлімі мен туризм орталығының ұйымдастыруымен Тақсай ауылдық Барбастау туристік базасында «Ұлт келбеті — жас маман» аудандық жас мамандар слеті өтті.

IMG-20221020-WA0035

Слетта қызмет жолын енді бастаған жас мамандар, педогогтік үш жылдық тәжірбиесі бар мұғалімдер мен тәжірибелі ұстаздар бой көрсетті.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелев «Озық педагог» ассоциясы  мүшелерімен кездесті.

Жиынның ашылуына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелев арнайы қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. «Озат педагог» ассоциациясының мүшелері арасынан сөз алған Гүлзада Жүнісова:

— Ұстаз болдық бәріміз,

Үйретер ақыл, парасат.

Аяңбай еңбек етіңдер,

Болсыншы деп бала шат,— деп өлең жолдарымен ақ тілегін арнады.  Сонымен қоса озат педагог Назым Қаналиева әр маманның мінез-құлқын анықтауға арналған психологиялық тренинг өткізді. Тәжірибелі ұстаздардың бағыт-бағдарымен өткен ойынға жастар белсенді қатысты.

IMG-20221020-WA0033

Одан әрі жеті топқа бөлінген мамандар туристік кедергілерден өтті. Тартысты әрі қызықты өткен ойын нәтижесінде,  қыздар арасында бағдарлау жарысынан Л. Ғұбашева 1-орын, Қ. Айтоғұлова 2-орын, Ү. Сайлауова 3-орынды жеңіп алды. Дәл осындай ерлер арасындағы бағдарлауда Е. Сағыналин 1-орын, Е.Зейнуллин 2-орын, Д. Ибрашев 3-орыннан көрінді.

Техникалық қашықтық бойынша «ПоколенийZ» жүлделі 1-орынды иеленсе,  «Дружба» және «Достық» командалары өзара екінші, үшінші орынды бөлісті.

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале