16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні. Осыған орай Дариян ауылдық кітапханасы, Озерное ауылдық кітапханасы және Дариян модельді ауылдық балалар кітапханалары Дариян жалпы білім беретін мектебімен бірлесе отырып, «Төзімділік – өмірдің рухани айнасы» атты шара оздырылды.
Біз қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан біз бір-біріміздің мүдделеріміз бен пікірлерімізді құрметтеуіміз керек. Бұл жақсы дәмнің ережесі ғана емес, қалыпты әлеуметтік өмірге қажетті маңызды шарт. Мектеп ұйымдарда, мәдени салаларда әртүрлі шаралар ұйымдастыруда.
Оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, толеранттылық дегенді ұғындыру мақсат етті.
Шара барысында кітапханашылар Халықаралық толеранттылық күні туралы мәлімет берді. Әрі қарай оқушыларға әңгімеден үзінді оқып, оқырмандар ой-пікірлерімен бөлісіп, ситуациялық ойындар ойнады. Әсіресе балаларға «Комплимент» ойыны ұнады. Бір-бірлеріне жылы сөздер айтып, өздері туралы жақсы лебіздер естігеніне қуанды.
Динара Гизатова,
Дариян ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Бәйтерек ауданы