6.12.2022, 10:16
Оқылды: 36

Үш жылдық бюджет жобасы мақұлданды

Өткен бейсенбіде облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджет арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі және 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәселелер қаралды.  

09752ecc-cfe3-43c4-9a90-53b075bcd367

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Тілепберген Каюповтың баяндауынша,  болжам бойынша аудандар мен қаланың кірістері 2023 жылы 44,5 млрд теңгені, 2024 жылы 46,7 млрд теңгені, 2025 жылы 48,8 млрд теңгені құрайды. Ал шығыстардың көлемі облыс әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі №143 қаулысымен бекітілген облыстық және аудандар, облыстық маңызы бар қала бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібіне сәйкес айқындалған. Соған сәйкес оның шамасы 2023 жылы 54 млрд теңге, 2024 жылы 58,2 млрд теңге, 2025 жылы 62,1 млрд теңге болады деп болжанған. Сонымен қатар шығындардың болжамды көлемін айқындау кезінде инфляция деңгейі ескерілген (2023 жылы – 8,5%-ға, 2024 жылы – 4,5%-ға, 2023 жылы-3,5%-ға). Бұдан басқа жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына аудандар мен Орал қаласының даму бюджетіне шығыстар (ағымдағы шығындардың 2,6%-ы) 2023 жылы – 1,4 млрд теңге, 2024 жылы - 1,5 млрд теңге, 2025 жылы – 1,6 млрд теңге енгізілді.

– Жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына аудандар мен Орал қаласының даму бюджетіне шығыстар (ағымдағы шығындардың 2,6%-ы) 2023 жылы – 1,4 млрд теңге, 2024 жылы – 1,5 млрд теңге, 2025 жылы 1,6 млрд теңге енгізілді. Осыны ескере отырып, 2023-2025 жылдарға арналған аудандарға жалпы сипаттағы трансферттер (бюджеттік субвенциялар) мынадай көлемдерде айқындалды: 2023 жылға – 9,9 млрд теңге, 2024 жылға  – 11,5 млрд теңге, 2025 жылға – 13,3 млрд теңге,  –  деді Т.Қаюпов.

Өңірдің бас қаржыгерінің сөзіне сүйенсек, 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы қолданыстағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы, ҚР Президентінің тапсырмалары және жергілікті атқарушы құрылымдармен жасалатын бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленген.

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет кірістерінің түсімдерін болжау Қазақстан Республикасының Салық және бюджет кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылды. Облыс бюджетінің 2023 жылға арналған кірістер болжамы 319,1 млрд  теңгені құрайды (2024 жылы – 347 млрд теңге, 2025 жылы – 372,7 млрд теңге), соның ішінде облыс­тық бюджеттің өзіндік  кірістерінің көлемі  2023 жылы 86 млрд теңге сомасында жоспарлануда.  Сондай-ақ облыстардың жергiлiктi атқарушы құрылымдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер  17, 4 млрд теңге болады деп күтілуде. Бұған қоса, 4,7 млрд теңге сомасында бюджеттік кредиттерді өтеу қарастырылған.  Бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау кезінде бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталады. Барлық әлеуметтік маңызды ісшараны қаржылай қамтамасыз ету толық көлемде жоспарланды. Жалпы 2023 жылға арналған облыстық бюджет шығыстары 319,1 млрд теңгені (2024 жылы – 347 млрд теңге, 2025 жылы – 372,7 млрд теңге) құрайды, соның ішінде ағымдағы бюджет – 292,2 млрд теңге, даму бюджеті 26, 9 млрд теңге болмақ.

Облыстық бюджеттің негізгі бағыты  – әлеуметтік саланы дамыту. Алдағы жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебімен барлық әлеуметтік салаға 200,5 млрд теңге, 2024 жылы  – 210,9 млрд теңге, 2025 жылы 227,7 млрд теңге бағытталмақ. 2023 жылға қаралған қаражаттың, жалпы бюджеттің 62,8%-ын әлеуметтік салаға бағыттау жоспарланған. Оның ішінде білім беру саласына 167 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына 8,5 млрд теңге, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыруға 14,7 млрд теңге, мәдениет және спорт, ақпараттық кеңістік шығыстарына 10,2 млрд теңге қарастырылуда. Бәйтерек және Казталов аудандарындағы екі мектеп құрылысын жалғастыруға 335 млн теңге, медициналық ұйымдарды жабдықтауға 4,9 млрд теңге бөлінеді. Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу және  спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындауға, республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуға  2,9  млрд теңге бөлінбек. Мәдениет саласы бойынша Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға  400 млн теңге бағытталады. Ауыл, орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастарын дамытуға  24  млрд теңге (2024 жылы – 42,1 млрд теңге, 2025 жылы – 41 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, отын-энергетика кешенi және құрылыс қызметіне 2023 жылы 27,6 млрд теңге (2024 жылы – 14,8 млрд теңге, 2025 жылы – 22,3 млрд теңге) бөлу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік қызметті қолдауға және бәсекелестікті қорғауға 2023 жылы 2 млрд теңге қарастырылуда (2024 жылы – 2,1 млрд теңге, 2025 жылы – 2,2 млрд теңге). Оның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаражаттар жеке кәсіпкерлікті қолдауға, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, шағын және орта бизнеске несиелерді ішін­ара кепілдендіруге және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге бағытталған. 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің жергілікті атқарушы құрылымдардың  резерві 2,1 млрд теңгені құрайды (2024 жылы – 2,2 млрд теңге, 2025 жылы – 2,3 млрд теңге).

Коғамдық кеңес мүшелері «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның әлеуметтік төмен бағалар дүкендерін тұрақтандыру қорының тауарларымен қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұрғындарға тиімді бағамен саудаланатын өнімдердің сапасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселені қарады. «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының төрағасы Нұржан Өтепбаевтың  айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде (айналым схемасы) 2021 жылы жергілікті бюджеттен 1 212 111 000 теңге, биылғы мамыр айында жергілікті бюджеттен қосымша 550 млн теңге, барлығы 1 762 111 000 теңге бөлінді. Тұрақтандыру қорын қаржыландырудың айналым схемасы бойынша БҚО әкімдігі жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жергілікті тауар өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге 1 800 474 000 теңге сомасына қарыз беру туралы шешім қабылдаған. Сол қарыздың 1 050 601 000 теңгесі кері қайтарылды.

Қоғамдық кеңес күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім шығарды.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале