17.12.2022, 10:29
Оқылды: 30

Мереке қарсаңындағы марапат

Бәйтерек аудандық ардагерлер кеңесінде келелі кеңес өтті. Оған  «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскері тобының ардагерлері» РҚБ БҚОФ төрағасы Ұзақбай Жақсылықов және аталмыш ұйымның Бәйтерек және Тасқала аудандары бойынша бөлімшесінің төрағасы Қадырбай Абдушев қатысты.

IMG-20221217-WA0001

    Жас ұрпаққа ұлттық рух пен патриотизмді әрі ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымыздың, оның ішінде интернационалист жауынгерлердің жүріп өткен жолын насихаттауды, жастардың Қарулы Күштер қатарында борышын өтеуге деген ынтасын арттыруды мақсат тұтатын ұйыммен біраз іргелі істер қолға алынуда. Биылғы көктемде олар  кейбір азаматтарды марапатқа ұсынған екен. Олардың арасында ауданымыздың құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Николай Анципрович бар. Сол марапаттар жақында келіпті. Осы жиында Николай Антоновичке «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -30 жыл» медалі табыс етілді.

IMG-20221217-WA0002

     Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешев атап өткендей, олар аталмыш ұйыммен бірлесіп жұмыс жасауға дайын. Қазіргі уақытта бұрын Германиядағы шектеулі кеңес әскері қатарында болған бәйтеректіктерді тізімге алу бағытында жұмыстар жүруде. Алдағы уақытта біріккен іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Сәлім Мәмбетәлиев,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале