26.01.2023, 17:45
Оқылды: 30

Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі қысқарды

Бір жылда жүк тасымалдау, көлік түріне қарамастан 2,8%-ға төмендеді. Осы кезеңде барлығы 3,8 млрд тонна жүк тасымалданды, деп хабарлады 26 қаңтарда Ұлттық статистика бюросы Zakon.kz тілшісіне.

22aa052fb6c34a18ae2b00eec0682aa1

Жүк тасымалының негізгі үлесі автомобиль жүк көлігіне тиесілі – 82,5%, мұнда 3,2 млрд тонна жүк тасымалданған.

Өткен жылы жүк айналымы 603 млрд т-км құрады. Оның ішінде темір жол жүк айналымы 311 926 млн т-км (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті), автомобиль көлігі – 146 227 млн ​​т-км (7,6%-ға азайды).

Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жүк және багажды тасымалдаудан түскен кірісі бір жылда 12,5%-ға өсіп, 3 264 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстанда халықаралық тасымал жүргізушілерінің еңбек және демалыс нормалары өзгеретіні белгілі болды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале