7.02.2023, 18:00
Оқылды: 15

Оралда жас сарбаздар жауынгерлік қызметке аттанды

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлер қаланың қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында алғашқы рет жауынгерлік қызметке шықты.

40BC0B2E-C24B-4FFB-AF8D-E5771BC0A42C

Айта кетейік жас сарбаздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге Орал қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі мен қала тыныштығын қамтамасыз етеді.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы, капитан Ертуған Әубакирдің хабарлауынша, бүгін 5517 әскери бөлімінің саптық алаңында жас сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметіне арналған таралым өтті.

Шара барысында әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров жас сарбаздарды жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

BF2A5F77-246D-4973-94F9-96FF4CD88271

Сонымен қатар заңдылық пен әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауды, халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды.

Айтулы шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, жас жауынгерлердің алдағы жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тілеп, жауынгерлік қызметті атқаруға арналған куәліктерін табыстады.

Айта кетейік Ұлттық ұлан сарбаздары Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында тонау, ұрлық және қарақшылық фактілерін ашады, іздеуде жүрген күдіктілерді ұстайды, есірткі қолданушыларды құрықтайды, сондай-ақ ата-аналарға жоғалған балаларын табуға көмектесіп келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале