27 ақпан – бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай, бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген белсенді үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қала әкімінің орынбасарына түрлі ұсыныстарын жеткізді.
Іс-шара соңында қала әкімінің орынбасары Орал қаласының әкімі М.Сатқановтың атынан үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне мерекелік алғысхат табыс етті.
zhaikpress.kz