2.03.2023, 12:45
Оқылды: 16

БҚО-да полицейлер ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізін тәркіледі

БҚО ПД ҰҚҚК басқармасының және ҚР ҰҚК-нің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы ІІМ Telegram желісіндегі каналында жазды.

A95D0E3A-7C8D-4A92-A892-B4103ABBEACB

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді.

ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 5 адам Орал қаласы ПБ-не жеткізілді.

62FCF1B1-258E-45E4-8408-DD4AB83D2A7A

B9DD42AE-A372-4B29-AAD6-85D7954CD4CD
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале