24.04.2023, 15:30
Оқылды: 42

Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның мәйіті табылды

Бүгін сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

07E693B2-FA3B-4B2C-99A7-71F74A7D05C8

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.

ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале