«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партиялық бақылау комиссия мүшелері аудан көлемінде атқарылып жатқан құрылыс нысандар және жол жөндеу жұмыстарымен танысты.
Соның бірі Жәнібек-Талов-Кіші өзен бағытындағы жолдың 33-48 шақырым бөлігіне орташа жөндеу (мердігер «Қызылорда жолдары» ЖШС) және аталмыш жол бағытындағы 27-33 шақырым бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (мердігер «ТОБИ» ЖШС).
Қазіргі таңда жолдың негіздемесі жасақталып, құрылыс материалдары белгіленген жерге жеткізіліп, арнайы мамандар техникалардың көмегімен жұмыстануда.
Бұл жөндеу жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Жұмыс барысы техникалық қадағалаушылар, аудан әкімдігі мен «AMANAT» партиясының күнделікті бақылауында болады.
Сонымен қатар Қамысты ауылына кіреберіс жергілікті маңызы бар 14 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жолға асфальт төсеу жұмыстары 2023 жылдың аяғында аяқталады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz