31.05.2023, 13:00
Оқылды: 92

Тамақтан уланудың алдын алайық!

Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу, денсаулығын нығайту, сауықтыру кезеңі. Сондықтан балалардың демалысын ұйымдастыру - маңызды мəселелердің бірі. Статистикаға сәйкес, мектеп оқушыларының көпшілігі балалар сауықтыру лагерлерінде (мектеп, қала маңындағы) демалады.

ЖП Тамак

Жаз мезгілінде ұйымдасқан топтарда тамақтан улану жағдайлары - жиі кездесетін оқиға.  Тамақтан уланудың негізгі себептері – мекеме қызметкерлерінің тамақ дайындау, тиісті температуралық режимде тамақ өнімдерін сақтау технологиясын бұзуы.

Тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алғашқы белгілері тамақтан кейін 2-4 сағаттан соң (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін) немесе бір тәуліктен кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл көбінесе токсиннің түрі мен дозасына және иммундық жүйенің күйіне байланысты. Науқастарда жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, іштің ауыруы, бас ауруы, жүрек айнуы, ағзаның сусыздануы, енжар күй және ішөтеді. Мұндай симптомдар байқалған сәтте дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Балалардағы тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу және ұйымдасқан топтарда тамақтан уланудың алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтау қажет:

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау, тамақтану алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

- жемістер мен көкөністерді жуу, кейін қайнаған сумен бүрку керек;

- тоңазытқышта сақтауды қажет ететін шикі тағамдарды бөлме температурасында сақтамау;

- тағам, әсіресе, жұмыртқа, сүт өнімдері, құс етінен жасалған тағамдар дайындау кезінде санитариялық нормаларды қатаң сақтау;

- дайын тағамды тек тоңазытқышта сақтау, бірақ, әрине, ұзақ уақыт емес;

- сыртта төрт сағаттан артық сақталған тағамдарды жеуге болмайды.

Қалай болғанда да, балалардың жазғы демалысы ересектер тарапынан санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау жағдайында, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға, дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тамақтану режимін сақтауға және қолайлы ортада өмір сүруге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы тиіс.

 

Л.Исенжулова

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале