29.06.2023, 9:37
Оқылды: 145

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды

22 маусым ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Antikor Ortalygy» сервис орталығында қызметкерлерді «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен» таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

fcd14cb9-cae3-4006-8c29-68bac306e7da

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиісті шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы нығайту мақсатында жыл басында енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау шаралары  туралы айтылды.

8deb07aa-bad2-4106-ae6d-d893c6ebb033
Тұжырымдаманың 6-ыншы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.
Кездесу соңында қызметкерлерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әулеметтік бейнеролик көрсетілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале