️ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың республиканың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы KZgovernment хабарлайды.
Суреттің дереккөзі: qazaquni.kz
Министрдің айтуынша, ауа райына байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.
Үкімет басшысы ТЖМ-ге облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, оның ішінде табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды.