11.07.2023, 16:00
Оқылды: 225

Білім берудегі трендтердің бірі - TopIQ.kz платформасы

Қазіргі таңда білім беру трендтері қарқынды дамыған заманда оқушылардың қызығушылығына сай, тиімді оқу платформаларын таңдау заманауи мұғалімнің міндеті. Осы орайда Қазақстанда алғаш рет «Алмаыкітап» баспасы оқушыға ыңғайлы болу үшін  үш баспаның 86 электронды оқулығын бір платформаға жинаған. Ол - TopIQ.kz. Платформа өте тиімді.

Снимок

Платформа 2020-2022 оқу жылдарында республиканың көптеген аймағында сынамадан сәтті өтті. Бұл кезеңде де  2  милионнан астам қолданушы кірген. платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы  интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген. Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  Демалыста немесе таза ауада т.б кез келген жерде смартфонда оқулықты ашып, оқып, тапсырмаларды орындай алады. Электронды оқулық қолдануға ыңғайлы. Оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді.  TopIQ.kz платформасын кез келген құрылғыда, кез келген уақытта, ыңғайлы пайдалануға болады.

  Мектебімізде осы TopIQ.kz платформасын 517 қолданушы пайдаланып, оның ішінде пән мұғалімдері сабақтарын  беріп, оқушылар  тапсырмаларды қызыға орындауда. Мектеп мұғалімдері үшін семинар-кеңес өтсе, оқушыларға және ата аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді.   Платформа ұйымдастырған байқауға мектебімізден 12 мұғалім,  5 оқушы қатысып жатыр.  Өткен жылғы байқауда физика пәні мұғалімі, оқу ісі жөніндегі орынбасары Лаззат Гаитовна І орын иеленсе,  оқушымыз Берікқали Кәусар жүлдегер атанды. Республикалық деңгейдегі байқау жеңімпаздарына диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.  Тәжірибе жүзінде «Алматыкітап баспасы» электронды оқулықтарымен дәріс беруде  оқулықтың әртүрлі форматтары мен платформадағы материалдардың алуан түрлілігінің арқасында оқушылардың оқу үлгерімі артты.  Оқушылар қызыға тапсырмаларды орындайды. Үнемі телефоннан видео қарап отырғанша,платформа аясында тапсырмалар орындап, білімін пысықтағаны дұрыс.

TopIQ электронды оқулықтар платформасы балаларға не береді?

Оқытудың инклюзивті тәсілі, яғни барлық балаға оқулықтарға  тең қолжетімділік береді, барлық коммуникациялық электронды құрылғы үшін онлайн. Ештеңе жүктеудің  қажеті жоқ. Бұған қоса денсаулықты сақтауға көмегі мол. Мектепте тиісті компьютер мен  интернет болған жағдайда оқушыларға барлық оқулықты өзімен бірге алып жүрудің де  қажеті болмайды. Маңызды мәселе  – платформа мұғалім мен оқушының бір-бірімен кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

  Оқушылардың ережелерді тыңдап, терминдердің дұрыс айтылуына назар аударады, бұл, әрине, баланың қызығушылығын арттырады.  TopIQ.kz платформасы білім беру үдерісіне етене жақын араласып, мұғалімдер мен оқушылардың көмекшісі болуы керек. Математикадағы көптеген тапсырмаларда дұрыс жауапты қолмен енгізу керек немесе белгілі бір тізімнен сөздерді таңдап алу керек. Басқа да тапсырмалар қамтылған. Мұғалім TopIQ.kz  сайтынан материалдарды сабақтың басында, ортасында немесе кез келген уақытта қоса алады.

Әсіресе онлайн сабақтарды өткізгенде, арнайы материал іздеп әуре болмаймыз, себебі  тақырып аясында баланың ой-өрісін кеңейтетін бейнематериалдар қойылған. Жылдам тексеру мүмкіндігін, тапсырмалардың орындалуын үздіксіз бағалау мүмкіндігін де оқулықтың артықшылығы деп есептейміз.

Смартфон арқылы TopIQ.kz платформасына кіруге болатындықтан, электрондық оқулықты өзіне ыңғайлы кезде пайдалана алады, сөйтіп оқулықты көтеріп жүрмейді. Мұғалімдер қолдайтындықтан, сыныпта да TopIQ.kz -пен жұмыс істей береді. Бұндағы оқулықтар оқушы қолындағы оқулықтың электронды нұсқасы.

Заман талғамына сай осындай артықшылықтары бар электронды оқулықтар платформасы қосымша  білім беруге оңтайлы.

                                                       Г.Тулепова,

                                  Жаңақала ЖОББМ  оқу ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале