Шыңғырлау ауданында 18 тамыз Шекарашылар күні мерекесіне орай сала қызметкерлері арасында шара ұйымдастырылды.
Ел күзетінде тұрған шекарашылар өздернің негізгі қызметтеріне адалдығымен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануды да ұмытпайды. Сегіз шақырым қашықтықта жүгіруден өткізілген аудандық ашық жүгіру марафонына да шекарашылар белсенді қатысты.
Спорттық шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, ел тыныштығын қорғап жүрген шекарашыларды төл мерекелерімен құттықтап, абыройшы да жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Аудан басшысы осы марафонда жүлделі орындарға ие болған жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Ш.Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz