18.08.2023, 11:00
Оқылды: 111

Қорғаныс министрі мерекемен құттықтады

Бүгін Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. 

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қадірлі ардагерлер!

81060e772167425e95d1a51fdb24ea13_1280x720

Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен

Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдар аралығында Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Отанымыздың әуе шебін қорғауға айтарлықтай үлес қосты.

Бүгінде жауынгер авиаторлар, зениттік зымыраншылар мен радиотехникалық әскерлердің мамандары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оқу-жауынгерлік міндеттерді абыроймен орындап келеді.

Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы алға қойылған міндеттерді шешуде өзінің бар күш-жігерін, білімі мен іскерлігін арнап, әскери борышты орындауда әрдайым үлгі болатынына, аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыра беретініне сенімдімін.

Сіздердің баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, жауынгерлік шеберлікті арттыруда, туған Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін әскери борышты орындауда табыс тілеймін!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале