Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бүгінге дейін «Бөбек» орталығы жеті сауықтыру ауысымын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының балалары келіп, қатысты.
Балаларды сауықтырудың тиімділігі медициналық оңалту қағидаларына негізделген, бұл - емдеу-сауықтыру іс-шараларының жүргізілу реттілігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, емдік-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау шаралары. Әрбір балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады.