Күз басталысымен Шыңғырлау ауданының тұрғындары үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру қолға алынды.
Күзгі жәрмеңкеге ауылдық округтер өз өнімдерін кезегімен әкелуде. Бұған қоса жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар да өз аулаларында өндірілген көкөністер мен сүт-май, қаймағын да сатылымға шығаруда.
Сенбі күні ауданға қарасты Ақбұлақ ауылдық округі жәрмеңке өткізді. Сатылымға ауылдық округ ірі қара етін шығарды. Қой етін де саудалағандар аз болмады.
Ақтау ауылдық округіндегі «Сұлтанбек» ШҚ атынан Әмірбек Мұқатқалиев те қарбыз, қызанақ, асқабақ, т.б өнімдерін ала келген.
Жәрмеңкеге келген жұртышылық қолжетімді баға үшін разылықтарын білдіріп жатты.
Гүлшат Ботанова
Шыңғырлау ауданы