5.09.2023, 16:00
Оқылды: 51

Жәнібекте жайылымдық жер мәселесі талқыланды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев шойын жолдың арғы бетіндегі ауыл тұрғындарымен жүздестіАуылдың бергі бетін айтпағанда, ол жақта да мәселе жетерлік екен.

FE5A0482-CBE7-4236-98E3-5F7967172AE6

Соның бірі – жайылымдық жердің жетіспеуі. Ауыл жұртшылығы Жәнібек ауылының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан Орда орман шаруашылығының Жәнібек станционарындағы (академбақ) мал жайлымы туралы пікір алмасты. Асхат Хамитұлы мен Абзал Бақытұлы тұрғындар наразы болған мәселені талдап, байыпты баяндады. Аталған бақтың орманшысы Ербол Қадимов та ортадан табылып, заң аясында қабылдаған ескерту жұмыстары бойынша түсінік берді.

Айтуынша, «ҚР Орман Кодексінің» 113-бап, 10-тармағымен және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 370-бап, 1-тармағы бойынша «Орман қоры аймағындағы шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдіру» жағдайы орын алған кезде ескерту жұмыстарын жүргізу, қайталанған уақытта бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға тура келеді.

670D7A79-1788-4260-9FD8-98CEC01924F7

«ҚР Орман Кодексінің» 113-бап, 11-тармағы бойынша және 370-бап, 2-тармағы бойынша «Ормандар мен орман қоры жерлерінде заңсыз, рұқсатсыз шөп шабу және мал жаю» немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің №441 қаулысына сәйкес 1 бас малға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде келтірілген зиян есептеледі. Ал 2023 жылы бұл айлық есептік көрсеткіш 3450 теңгені құрады.

Орманшы мәселенің байыбына бармай, байбалам салған бір топ тұрғынға заң жүзінде жауап беріп, нақты ақпарат берді. Бірақ оларды одан да өзге жайттар толғандырады. Заңда қатаң тиым салына тұра, сол аумақтағы шөпті орманшының өзі неге шабады деген сұрақ мазаласа керек. Орынды сұраққа жауап берген орманшы арнайы рұқсатпен шауып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында аталған орманда өрт шығып, орманшының бір өзі қызыл жалынды ауыздықтаған. Сол қауіп қайталанбас үшін сақтық шараларын өткізіп жатқанын ескертті. Ауыл тұрғындары мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп тарқасты. Ербол Қадимов шапса, сақтанудың амалын біліп шабатыны мәлім болды.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале