5.09.2023, 15:15
Оқылды: 10

Батысқазақстандық спортшылар әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленді

Алматы қаласында қол күресінен ересектер, жасөспірімдер мен жастар арасында 44-ші әлем чемпионаты өтті.

F0CE8A45-F383-410B-922E-9C0FA49ED7C1

Дүниежүзінің білекті қыз-жігіттері бас қосқан жарыста Қазақстан Республикасы құрамасының сапында болған облыс спортшылары да тым тәуір нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, әлем біріншілігінде 45 келі салмақта Гүлсезім Төлеген мен 55 келі салмақ дәрежесінде Ержан Ерболат алтыннан алқа тағып, ел абыройын асқақтатты.

Ал 45 келідегі тағы бір үмітіміз Мирай Ислямғали мен 55 келі салмақ дәрежесінде Айдана Әлжан, 60 келідегі Гауһар Рустамова және ересектер арасында Мерует Байниязова күміс медальді еншіледі.

Бұған қоса дүниежүзілік додада 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сұлтан Әділжанұлы қола медальға ие болып, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале