Бүгін Қаратөбе ауылының орталық базарында ауыл шаруашылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Ұйымдастырылған жәрмеңкеге аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысып, Қаратөбе, Жусандыой, Сулыкөл ауылдық округтерінен әкелінген өнімдермен танысты.
Үстіміздегі жылы алғашқы ұйымдастырылған ұжымдық бақшаның өнімдері жәрмеңкеде саттыққа шығарылды.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бақша дақылдарын, көкөніс, ет, сүт өнімдерін және мал азығын саудалады.
Саттыққа шығарылған қой етінің бір келісі – 2000 теңге болса, сиыр еті – 3000 теңге, сары май – 6 мың теңге, қаймақ – 3000 теңге, сүзбе – 1000 теңгеден саудаланды.
Жәрмеңкеде бақша өнімдерін саудалаған қаратөбелік кәсіпкерлер қара қарбыздың келісін – 150 теңгеден, ала қарбызды – 130 теңгеден,қауынды – 300 теңгеден, қиярды – 200 теңгеден, асқабақты – 300 теңгеден бағалады.
Сулыкөл, Жусандыой округтерінен келген кәсіпкерлер қарбызды – 80 теңге, қауынды – 200 теңгеден, асқабақты – 100 теңгеден саудалады.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде мал азығы шөптің бір бумасы төрт мың теңгеден сатылды.
Серікбай Хасанов
zhaikpress.kz