7.09.2023, 18:00
Оқылды: 13

Республикалық байқауда облыстық полиция департаменті жүлдегер атанды

Тараз қаласында полиция қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтті.

C8C5D333-D940-4623-BEDE-EFA8FFDEA2E5

Дүбірлі додада бақ сынаған Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің «07 аймақ» командасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Асылай Талғатқызы мәлімдеді.

Байқаудың ашылуына Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бастығы Альбина Махамбетова қатысты.

Дәстүрлі жарыс биыл 14-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің әр өңірінен 20 командаға топтасқан 200-ден астам қызметкер қатысты. Сайыстың талабы бойынша әр түрлі ұлттың өкілдерінен құралған командалар өз ойын мемлекеттік тілде дұрыс жеткізе білу керек.

7C958E24-94C6-4B69-B506-2F04C1FCCE01

Алғашқы кезеңде полицейлер «Жаңа Қазақстанның полициясы» тақырыбында өздерін таныстырып, ұсыныстарын білдірді. Екінші кезеңде құқық қорғаушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып сайысты.

Әр команда әр түрлі ұлт өкілдерінен құралды. Олар өздерінің мемлекеттік тiлдi жетiк меңгергендерiн көрсетiп, заңдар мен кәсіби терминдердің қолданылуы бойынша бiлiмдерiн танытып, сондай-ақ шығармашылық тапсырмаларын сахнаға алып шықты.

Байқау қорытындысы бойынша Қостанай облысы полиция департаментінің «Қостанай сақшылары» командасы жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды. І орын Ақмола облысы полиция департаментінің «Көкше сақшылары» командасына бұйырды.

Ал ІІ орынды Алматы қаласы ПД «Ұлы дала сақшылары» және Шымкент қаласы ПД «Мегаполис» командалары өзара бөлістi.

Астана қаласы ПД «Елорда қырандары», Батыс Қазақстан облысы ПД «07 аймақ» және Жетісу облысы ПД «Қыран құс» командалары жүлделі ІІІ орын тұғырынан көрiндi.

ED0F192C-558E-487A-8A50-58F37A39DC15

Ерекше дайындықпен барған батысқазақстандық «07 аймақ» командасы интернет алаяқтарын анықтау және олардың алдын алу бағытында ашылған жаңа құрылым «Киберполдың» жұмысымен байланыстырылған көрініс дайындады. Одан әрі қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ғұламаның образын БҚО ПД Кадр саясаты басқармасының инспекторы полиция лейтенанты Сырым Сейфолла сомдап, «бірінші қара сөзін» нақышына келтіріп оқып, сахналап берді.

Жалпы батысқазақстандық полиция қызметкерлері арасынан жасақталған командалар жыл сайын өтетін республикалық «Парасатты полицей» байқауына қатысып, жүлделі орындар мен номицияларды иеленіп келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале