12.09.2023, 11:30
Оқылды: 6

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

ЖП Полиция (1)

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

▪️Алматы қаласы - 287;

▪️Қарағанды облысы - 221;

▪️Павлодар облысы - 170;

▪️Алматы облысы - 167 тіркелген.

Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

◾️Алматы қаласында (514)

◾️Астана қаласында (185)

◾️Шымкент қаласында (155)

◾️Алматы (143) 

◾️Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале