12.09.2023, 12:00
Оқылды: 21

Жәнібек ауданы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бекежан Биболатұлы Шарафутдинов тағайындалды.

C6E9A0C3-4DD3-4C89-8432-FD3FAA39C124

Өз кезегінде аудан әкімі Тимур Шиниязов жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, ел игілігі үшін жауапкершілікпен абыройлы қызмет атқару керегін жеткізді.

Бекежан Биболатұлы 1987 жылдың 24 маусымында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келген.

Білімі — жоғары. 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдап, еңбек жолын Жәнібек ауданындағы Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі болып бастаған.

2010 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының статисі болып қызмет атқарды;

2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы;

2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің жетекші маманы; 

2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы Ұзынкөл жалпы білім беретін орта мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тәлімгері;

2013 жылы Батыс Қазақстан облысы  Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманының міндетін атқарушы;

2013-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

2017-2020 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;

2021 жылдың сәуір айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, төрт ұл тәрбиелеп отыр.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале